Нәрестенің памперсін ауыстыру — қандай заттар дайындап қою қажет

Памперс ауыстыру кезінде сәбиді жалғыз қалдыру оның жарақат алу қаупін тудыру мүмкін. Әсіресе арнайы үстелшенің үстінде немесе диванда ауыстыратын болсаңыз. Сондықтан, қажет заттардың бәрін алдын ала дайындап қойғаны жөн.

Памперсті ауыстырмас бұрын, қолыңызды мұқият жуыңыз және қажет нәрсенің барлығын бір жерге дайындап қойыңыз, соның ішінде:

  • Үстінде ауыстыратын төсеніш немесе сүлгі.
  • Мақта және жылы су құйылған ыдыс, немесе хош иісті және алкогольсіз нәресте майлықтары.
  • Лас подгузникке және майлықтарға арналған пластик пакет немесе шелек.
  • Нәресте терісін қорғауға арналған тосқауыл кремі.
  • Таза подгузник.
  • Таза киім.

Аналарға арналған ақпараттан алынған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *