Жас ата-ана алғашқы сәбидің дүниеге келуіне дайын болып, сенуге болатын ақпаратты қайдан алуға болатынын білгені жөн. Алғашқы 3 айда жаңа туған нәресте ерекше күтім қажет етеді.
Дәрігерлердің ұсынысы бойынша кем дегенде төмендегі ақпаратты оқып шығу қажет.
1. Памперсті ауыстырудың қауіпсіздік ережелері
Памперс ауыстыруға ыңғайлы жер таңдау, қауіпсіздік ережелерін сақтау, қандай заттарды алдын ала дайындау және ауыстырған кезде не істеу керек туралы ақпаратты мұқият оқып алыңыздар. Тренировка жасап көріңіздер алдын ала.
2. Нәресте неге жылайды
Балаңыздың барлық қажеттіліктері осыдан басталады. Сондықтан нәресте неге жылайды және оны қалай тыныштандыруға болатынын жатқа біліп алыңыздар. Кішкентай баланың жылау себептері қандай, оны қалай тыныштандыруға болады, қандай жағдайда мазасыздық аурудың белгісі болу мүмкін және дәрігерге қашан хабарласу қажет.
3. Нәрестеге қандай заттар қажет
Нәрестеге қандай заттар қажет, не үшін қажет, қандай көлемде. Дұрысын қалай таңдау — памперс, төсек, матрас, маңқасорғыш, щетка, тарақ, қайшы, бөтелке, пленка, распашонка, және т.б. Осының бәрін жақындап келе жатқанда дайындап қойыңыздар. Сондай-ақ жас анаға тағам ұмытпаңыздар, полуфабрикат (пельмень, вареник, манты, котлет) та дайындап қойыңыз көбірек.
4. Нәрестені жуу және шомылдыру
Шомылдырудың қауіпсіздік ережелері, күту, бөртпе пайда болуын алдын алу.
Осы ақпараттың бәрі халықаралық ақпаратқа негізделген нұсқаулықтан оқып шығуға болады.